Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Жүзу

Жүзу – берілген жүзу қашықтығын тез арада жүзіп өтуге арналған спорттың түрі. Судың астымен сөреден және борттан итерілгеннен кейін (бассейнде жүзу бағыттын ауыстырғанда) 15 метр қашықтық аралығына жүзуге болады.

Спорттық жүзу жарыстары бірнеше тәсіл бойынша өткізіледі:

еркін түрі – спортшы өзі қалаған тәсілдермен жүзе алады.

Еркін түріндегі жүзудің басым техникасы өзгерді:
брасс түрі ең бірінші болып пайдаланды, оны біліп тану үшін үлкен жұмысты  Николас Винман өткізді және 1853 жылы жүзу техникасы бойынша кітап шығарды;
овер-арм 19 ғасырдың ортасында пайда болды;
треджен-стиль 1873 жылы әлемге танылды, оны жүзуші Джон Артур Треджен жарыстарда көрсетіп шықты;
кроль қазірге кезде басқа еркін түрінің орын басты. Ричмонд Кэвилл алғашқы рет оны жеңу үшін пайдаланды.

Шалқалап жүзу 1900 жылы олимпиада спорты мәртебесін алды. Осы түрі пайда болған сәттен бастап спортшылар аударылып брасспен жүзуге тырысқан, бірақ кейін шалқалап жүзу кроль басым ретінде саналды. Спортшы үнемі шалқалап жүзу керек, дененің айналмалы қозғалыстары 90 градусты асырмау тиіс. Спортшы бортқа қолын қойып жүзуді бастайды.

Брасс және баттерфляй 1904 жылы Олимпиада бағдарламасына кірді. Спортшы оның ережелерін бұзса жарыстан шығуы мүмкін. Баттерфляй және брасс түрлерімен жүзу ережесімен осында таныс бола аласыз.

Сонымен бірге спортшы әр бөлікте жүзудің әр түрлі жүзуді пайдаланғанда оны комплекстік жүзу деп атайды.

Жарыстарды өткізу кезінде бассейн үлкен рөльді атқарады. ФИНА ережелері бойынша ресми халықаралық жарыстар тек 50 және 100 метр ұзындығы бар бассейндерде өткізілуі тиіс деп бекітілді. Ал 1957 жылдан бастап әлем рекордтары 50м ұзындығы бассейндерде қойылады. Себебі 25 метр бассейндерде рекорд орнату жеңіл (бұрылғанда борттан итерілу).

Ашық су қоймасында жүзу (ашық суда) кең таратылады. Ең әйгілі – Ла-Манш арқылы жүзбе. Ал 2008 жылы Олимпиада бағдарламасына 10 шақырым қашықтыққа жүзу  енгізілді.

Жүзу процесінде ең бастысы жүзуге арналған костюм. Бас кезінде табиғи материалдардан жасалынған бүкіл денені жауып тұратын костюм пайда болды, кейін жібек матаны қолданды. Содан кейін синтетикалық материалдарды қолданды. Жоғары нәтижелерге жеткеннен кейін полиуретаннан жасалынған костюмдерді пайдаланды, бірақ ФИНА оларды технологиялық допинг деп санады. Себебі жаңа рекортдар ынта жаттығулардың арқасында өткізілген жоқ, төмен су кедергісі арқасында болды. Сондықтан қазір тек тоқыма костюмдерді пайдалануға болады.