Суға секіру — су спорт түрлеріне жатады. Жарыстарда трамплиннен секіру элементтері жасалынады (1 және 3 метр) және жоғарыдан секіру (5, 7.5 және 10 метр). Суға секірер алдында спортшылар акробатикалық элементтерді жасайды (айналымдар, винттер, айналу). Төрешілер спортшылардың биікке көтеріле серпіліп ауада аударыла айналып акробатикалық элементтердің орындалу сапасын және суға түсіп секіру тазалығын бағалайды. Жарыстарда үйлесімді секіру кезінде екі қатысушының элементтердің орындалу үйлесімділігін бағаланады.
Суға секіру су спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының бағдарламасына кірді. Олимпиада ойындарының бағдарламасына суға секіру 1904 жылдан бастап үшінші Олимпиада ойындарына енгізілді және сол сәттен бастап сол түрінің спортшылары Олимпиадаға қатысады. Үйлесімді секіру 2000 жылы Сиднейде өткен Ойындарының бағдарламасында пайда болды. Осы кезде Олимпиада бағдарламасы 8 медаль жиынтығына ие болды. Еркектер мен әйелдер арасында 3 метр трамплин секіруден 4 медаль жиынтығына ие (бір кісілік және үйлесімді) және 10-метр жоғарыдан (бір кісілік және үйлесімді). Әлем және Еуропа чемпионаттарының бағдарламасы 10 жарыстан тұрады, қосымша метрлік трамплиннен секіру жеке секірулерден тұрады. Ірі жарыстар, Әлем Чемпионаттары мен олимпиадаларды қосқанда, үш кезенге бөліп өткізіледі. Секірудің жартылай финалда 12 финалға шыққан 18 үздік қатысушы анықталады. Бұрын финалда алынған ұпайлар жартылай финалдың ұпайларымен саналды, бірақ, 2007 жылдан бастап FINA жаңа ережелеріне сәйкес финалды «нөль»-ден бастап санауды тапсырылды. Әр кезенде турнирдың формулаға сәйкес, спортшылар кезекпен 5 немесе 6 секіруді орындайды. Әр кезен басталмас бұрын спортшылар секіру бағдарламасын хабарлайды, ал төрешілер әр секірудің қиындығы үшін коэффициент бекітеді. Жарыстар өтетін кезде бір секіруді басқамен немесе оның орындалу тәртібін ауыстыруға тыйым салынады.
Жеке жарыстарда әр секірудің ұпайын жеті төреші шығарады. Олардың әр қайсысы 0 ден 10 дейін ұпай қояды, содан кейін екі жақсы және екі нашар ұпай тасталады, ал қалған үшеуі секірудің күрделі коэффициентіне көбейтіледі. Үйлесімді секірулерді 9 төрешіден тұратын алқа бағалайды, екі төреші әр спортшы орындалған секіру орындалатын техникасын бағалайды, ал бесеуі үйлесімділігін ғана бағалайды. Осыдан кейін жақсы мен нашар ұпайлар тасталады, ал қалған сомма күрделі коэффициентіне көбейтіледі.
Секірудің техникасын бағалайтын кезде төрешілер екпіннің сапасын немесе негізгі позицияға көңіл аударады (екпін тікелей сызған жері бойынша өткізілсе, кемінде 4 қадамнан тұру керек, тұруы белгіленуі тиіс), итеруі, биікке көтеріле серпіліп ауада аударылу, суға түсіп секіру (секіру барынша тік болу керек).
Снарядтар
Трамплин – ұзындығы 4,8м және ені 0,5м арнайы серіппе тақтасы, бір шеті бассейнның ернеуіне бекітілген құрал. Батутта серіппе көмегімен рамаға бекітілген жекелей және жұптасып, биікке көтеріле серпіліп ауада аударыла айналып түсіп секіру. 1 немесе 3м биіктікте орнатылады.
Мұнара – әр түрлі биіктерге орналасқан бірнеше платформаны құрайтын құрылыс: 1, 3, 5, 7,5 және 10 м. Әр платформаның ені – 2, ұзындығы – 6 м. Платформаның ернеуі (трамплинның алдыңғы жағы) 1,5м дейін бассейнның шетінен шығып тұрады.