Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Новости из Instagram

Новости из Instagram
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі” КММ басшысы Серік Абдуллаұлы Халелов және Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық спорт мектебі” КММ директоры Аида Есімбекқызы Тебисова келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық меморандуымына қол қойды.Келіссөз барысында олимпиадалық спорт түрлері бойынша – суға секіру, жүзу, байдарка мен каноэде есу спортынан Ұлттық құрамаға ізбасарларды дайындау, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, оқу-әдістемелік және практикалық тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, мекеме басшысы спортшылардың жаттығу үрдісі және жаттығу өтетін арнайы спорт ғимараттарымен танысты.Алдағы уақытта – барлық аймақтағы су спортынан олимпиадалық резерв даярлайтын спорт мектептерімен келіссөз жүргізіп, меморандумға отыру жоспарлануда.Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыз өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін арттырып, су спортынан бәсекелестік орнатып, жоғары нәтижеге қол жеткізу – біздің басты мақсатымыз!