Нұр-Сұлтан қаласында жүзуден 2005 жылы туылған және одан төмен жастағы 3-топтағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Нұр-Сұлтан қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. “Барыс-Арена” КМК бассейнінде өткен дүбірлі додада Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орынға табан тіреді. Айта кетерлігі, жарысымыз көрермендерсіз, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді