Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қа…

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тілім — тірегім” XXIV қалалық фестивалі аясында «IQAS» қазақша куиз интеллектуалды сайысына Астана қаласының спорт басқармасының қызметкерлері қатысты.Біздің мектеп жаттықтырушысы Бекежан Ғалымжан “Допинг” құрамасында 3 орынға ие болды.

Ойынға мемлекеттік қызметкерлерден құралған 6 команда қатысты. Олар: «Жалын», «Тіл жанашырлары», «Допинг», «Алаш», «Құрама», «Құтқарушылар».

Жеңімпаздар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!