Астана қаласы әкімдігінің “№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі” КММ орналасқан мекенжайы: 010000 Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 2, “Толқын” спорт кешенінде ескек есу каналы. тел. 8(7172) 36-93-50, 36-88-83 электрондық мекен-жайы: dussha_4@mail.ru Мектеп 2001 жылдың көктемінен бастап су спорт түрлерін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің шешімімен ашылды. Сондай-ақ, “Толқын” спорт кешенінің тренажер залында барлық бөлімшелердің спортшыларының жаттығулары өтуде. Мектепте жалпы ауданы 1614,6 ш. м. әкімшілік үй-жайлары бар спорт кешені бар. “№4 БЖМОРСМ” КММ басшысы – Нұрбол Шәмшидинұлы Жарқынбеков. Басшының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары – Тисбаева Анар Сергеевна. Спорт ғимаратының меңгерушісі – Ілиясов Абзал Күншығарұлы. |
|