2017 жылғы 09 маусым күні «Толқын» спорт кешенінде академиялық есу және байдарка мен каноэ есу бөлімдерінің спортшылары көрнекі өнер көрсетті. Осы іс-шара тұрмысы төмен отбасының балалары және жетім балалардың қатысуымен «Қайық» ескек федерациясы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ қолдауымен өтті. Шараның мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына және есу спорт түрлерімен шұғылдануға жұмылдыру. Өнер көрсетуі қатысушылардың және көрермендердің сапқа тұруымен басталды. Дәстүр бойынша шараны Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ бастығы Саит Мейрамұлы Қали ашты. «Қайық» федерациясының, БАҚ өкілдерінің, спорттық мектептің әкімшілігі, жаттықтырушы-оқытушылар мен спортшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Гимні орындалды. Салтанатты ашылудан кейін бөлім жаттықтырушылары балаларға жарыс және жаттығу қайықтарды қалай қолдану керек екенін көрсетті. Содан кейін спортшылар балаларға есу арнасында өнер көрсетті, бөлімдердің жаттықтырушылары есу спорт түрлерінің ерекшелігі туралы түсіндірді, сонымен бірге спорттық кешенінде қысқаша экскурсия өткізілді. Байдарка мен каноэ есу спортшылары жас қонақтарға жаттығу залында арнайы тренажерлармен қалай пайдалану керектігін көрсетті. Академиялық есу бөлімінің спортшыларына арналған есу ваннасында балалар, әріне №4 БЖМОРСМ тәрбиеленушілердің қарауыңда болып, табиғи ортаға жақындаған есу тренажерында отыруды және жұмыс жасауды үйренді. Іс-шара біткеннен кейін қонақтар «Қайық» федерациясының вице-президенті Жасұлан Кенжетайұлы Тайтеновтан және байдарка мен каноэ есу бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Қайсар Нұрмағамбетовтан бағалы сыйлықтар алды.
Әкімшілік
http://astana.gov.kz/