Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Балаларды қорғау күніне арналған эстафета

Өткізілген орны: «Отан корғаушылар» монументі

Өткізілген күні және уақыты: 02.06.2017 жылы, сағат 11:00-де

Жаздың бірінші күні, әріне, балаларға арналмаса, басқа кімге арнаймыз? Маңызды шараны өткізу үшін № 4 БЖМОРСМ әкімшілігі іске шындап кірісті. Алдын-ала әкімшілік алаңды тауып, қоршаған. Көңілді старттар және әр-түрлі спорттық эстафеттерді өткізу үшін тиісті сценарий мен қажетті құрал-сайман дайындалды. Аға төрешілер ретінде жаттықтырушы-оқытушылар, ал қазылар алқасы ретінде әкімшілік қызметкерлері шықты. Әріне, Халықаралық балалар күні әр жас қатысушы естелік ретінде сыйлық алды.

Дәстүр бойынша спорттық іс-шараны №4 БЖМОРСМ басшысы Саит Мейрамұлы Қали ашты. Сөз сөйлегеннен кейін, тілек сөз айтып, спортшылар мен ата-аналарға сәттілік тіледі.

Атап өтсек, осы жарыстарға 18 адамнан құрайтын 5 командаға бөлуге шешім қабылдап, 90 жас спортшы қатысты. Шапшандыққа, төзімділікке, күш-қуатқа, ептілікке сонымен қатар шығармашылық өнеріне және командада жұмыс істей білетін 6 әр-түрлі эстафета өткізілді. Финалда спортшылар арқан тарта білуін көрсетті.

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Көңілді старттар» аяқталғанда, жүлделі орындарға ие болға балаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жүлделерді тапсыру біздің жас спортшыларының ата-анасының ду қол шапалақтаумен өтті. Жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы – №4 БЖМОРСМ басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алия Баквайқызы Каржасова марапаттады.