Марапаттау «Спорттық кемел», «Спортқа берілгендік үшін», «Мектептің спорттық үміті», «Спортқа ұмтылу», «2016 жылдың үздік спортшысы» номинацияларында өтті. Алғыс сөздерін мектеп спортшыларына ғана айтылған жоқ, үлкен жеңістерге және жетістіктерге үлесін қосқан олардың бапкер-оқытушыларға да айтылды. Әкімшіліктің шешімі бойынша қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін байдарка мен каноэ есуден бапкер-оқытушы Евгений Иванович Бежнар марапатталды, сонымен бірге еңбекқорлық және ауыр ісіне толық берілгені үшін жүзу бөлімінің бапкері Наталья Анатольевна Шпилева марапатталды.
Байдарка мен каноэ есу бөлімінің спортшылары марапатталды:
«Спорттық кемел» номинациясында 2001ж.т., байдарка мен каноэ есуден ҚР СШҮ, жастар арасында Азия Кубогының жеңімпазы Аманкельды Асия марапатталды.
«Спортқа ұмтылу» номинациясында 2000ж.т., ҚР СШҮ, Азия Кубогында алтын медальға ие болған Акчурин Ануар марапатталды.
«Спортқа берілгендік үшін» номинациясында ҚР СШҮ, жастар арасында Аия Кубогының жеңімпазы Чернега Дмитрий марапатталды.
«Спорттық үміті» номинациясында ҚР СШҮ, ҚР мектеп оқушылары арасында 8-нші Жазғы Спартакиадасының жеңімпазы, республикалық жарыстардың жеңімпазы Альмагамбетов Ануар марапатталды.
«2016 жылдың үздік спортшысы» бас номинациясында ҚР СШҮ, Азия Кубогында екі қашықтықта жеңімпазы, Ересектер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері. Осы номинациясының бас жүлдесі «Адидас» спорттық дүкенінде спорттық киіміне сертификат.
Жүзу бөлімінің спортшылары марапатталды:
«Спорттық кемел» номинациясында ҚР СШ, ҚР Чемпионатының жеңімпазы Абжанов Тимур марапатталды.
«Спортқа ұмтылу» номинациясында ҚР СШҮ, ҚР Чемпионатының жүлдегері Редько Стас марапатталды.
«Спортқа берілгендік үшін» номинациясында ҚР СШ, ҚР Спартакиадасының жеңімпазы Таурбаева Диана марапатталды.
«Мектептің спорттық үміті» номинациясында ҚР СШ, ересектер арасында ҚР Спартакиадасының жеңімпазы, ҚР Чемпионатының жүлдегері Искакова Айгерим марапатталды.
«2016 жылдың үздік спортшысы» бас номинациясында ҚР ХДСШ, ҚР Чемпионатының жеңімпазы, Жапонияда өткен ересектер арасында Азия Чемпионатында рекорд бекіткен Мусин Әділбек марапатталды.
Суға секіру бөлімінің спортшылары марапатталды:
«Спорттық кемел» номинациясында ҚР СШҮ, жастар арасында ҚРЧ жеңімпазы және жүлдегері Егоров Данил марапатталды.
«Спортқа ұмтылу» номинациясында ҚР СШҮ, ҚР Чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, ересектер арасында ҚР Чемпионатында жоғарыдан секіру үйлесімді секіру қашықтыққа 2 орынға ие болған Жүніс Алина марапатталды.
«Спортқа берілгендік үшін» номинациясында ҚР СШҮ, жастар арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы, ересектер арасында ҚР Чемпионатының жүлдегері Ахметова Нұрлы марапатталды.
«Мектептің спорттық үздігі» номинациясында ҚР СШҮ, жастар арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері Ибрахимгабидолла Нұрай марапатталды.
«2016 жылдың үздік спортшысы» бас номинациясында ҚР СШҮ, жастар арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, ҚР Кубогында күміс медальға ие болған Ибрахимгабидолла Гүлдана марапатталды.
Академиялық есуден спортшылар марапатталды:
«Спорттық кемел» номинациясында ҚР СШҮ, жасөспірімдер арасында ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР командалық Чемпионатының жүлдегері Шперлинг Тимофей марапатталды.
«Спортқа ұмтылу» номинациясында ҚР СШҮ, жасөспірімдер арасында ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы, ҚР командалық Чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері Чернец Мария марапатталды.
«Спортқа берілгендік үшін» номинациясында ҚР СШҮ, жасөспірімдер арасында ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы, ҚР командалық Чемпионатының жүлдегері Мустафаев Айдос марапатталды.
«Мектептің спорттық үміті» номинациясында ҚР СШҮ, жасөспірімдер арасында ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, Азия Чемпионатында финалға шыққан Садыков Темирлан марапатталды.
«2016 жылдың үздік спортшысы» номинациясында ҚР СШ, жастар арасында ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 2016 жылдың жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаттарының жеңімпазы, жасөспірімдер арасында Азия Чемпионатында финалға шыққан Қали Индира марапатталды.