Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

2016 жылғы 20-21 тамыз күндері Астана қаласы, «Толқын» С/К (Тәуелсіздік даңғылы, 2) есу арнасы, академиялық есуден және байдарка мен каноэ есуден «Спорт күніне» арналған «№ 4 БЖМОРСМ Біріншілігі» өтеді.

2016 жылғы 20 тамыз күні – «№ 4 БЖМОРСМ Біріншілігі» – академиялық есу – 2003ж.т. және кіші жасөспірімдер арасында

2016 жылғы 21 тамыз күні – «№ 4 БЖМОРСМ Біріншілігі» – байдарка мен каноэ есу – 2002ж.т. және кіші жасөспірімдер арасында

Басталу уақыты: сағат 10:00-ден.

Келем деушілерге есік ашық!

Астана қаласының тұрғындары, әріптестер, спортшылар! Сіздерді «Спорт күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық тілейміз!