Астана қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

• • • • • • Еліміз бойынша барлық өңірде «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акц…

@sport_nursultan
• • • • • •
Еліміз бойынша барлық өңірде «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы бастау алды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастаған иігілікті науқаннан қалалық спорт басқармасы да шетте қалған жоқ.

Экологиялық айлық аясында, 300-ден аса елордалық спортшылармен бірге, спорт басқармасына бағынысты мекемелердің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелерді тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазартып, қаланың көркін келтіруге өз үлестерін қосты.

Қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстаған спортшылар мен қызметкерлер «Толқын» спорт кешенінің айналасындағы шашылған қоқыстарды жинастырып, кешеннің маңайын арам шөптерден тазартып, ағаштарды әктеп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

“Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда жалпықалалық сенбілік науқаны басталды. Таңғы 9 да бастау алған сенбілікке белсенді қала тұрғындары, қаланың барлық кәсіпорындары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосуда.

Сенбілік – тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу, барша адамзаттың қолында. Біздің әрқайсымыз әлемді жақсы жаққа өзгерткіміз келеді. Сондықтан әр адам тазалықты өзінен бастауы керек. Осы ретте біз тазалықты сақтауға өз үлесін қосқан жандардың еңбегін бағалауға, кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз.

Шетте қалмай, бізді қолдауға келген споршыларға, барша ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Шаһар көркі мен ондағы тәртіп алдымен адамдардың өзіне тікелей байланысты”,- дейді “№4 БЖМОРСМ” КММ басшысы Серік Халелов.

Жинал­ған­дар­­дың бар­лы­ғы бұл шарадан шет қал­май қызу қимылдап қалуға тырыс­ып, сенбілік өткізу апта сайын дәстүрге айналатын болса, нұр үстіне нұр болады деп тарқасып жатты.

Жыл санап сенбілікке шығу­шы­лар қа­ра­сы көбейіп келеді. Мұн­ың тәрбиелік мәні де жоғары. Қала тазалығын сақтау кез келген шаһар тұрғыны үшін маңызды болғаны бізді қуантты.