Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу дирекциясының қызметкерлері 2017 жылғы 21-23 наурыз аралығында «Наурыз мейрамын» тойлау қарсаңында «Студенческий» саябағында, сонымен қатар Ханшатыр ССО алдында кеңейтілген этноауылында спорттық іс-шаралар өткізді: «гір тасын көтеру», «қазақша күрес», «арқан тартыс». Біздің мектеп № 4 БЖМОРСМ «қошқар көтеру» сайысы үшін жауапты болды. Қатысушылардың саны 12 адам. Барлық қатысушылардың жасы шамамен 30 және бойы де салмағы бірдей. Осы жарыстың жеңімпазы жануарды 2 минуттің ішінде 74 рет көтерді.